Maм 15, 2022 14:07 Asia/Almaty
  • Иран командасы жасөспірімдер арасында баскетболдан өткен Батыс Азия чемпионатында жеңімпаз атанды

Иран командасы 16 жастан төмен балалар арасында баскетболдан өткен Батыс Азия-2022 чемпионатында жеңімпаз атанды.

Соңғы күндері Иорданияда жасөспірімдер арасында баскетболдан өткен Батыс Азия чемпионатында Иран командасы 95:53 есебімен Ирак командасын жеңді.  

Осылайша, Иран командасы 8 ұпаймен чемпион атанды. Ливан командасы 6 ұпай, Ирак командасы 4 ұпаймен екінші және үшінші орынға тұрақтады.

Иран және Ливан командалары Катардың Доха қаласында өтетін Азия-2022 чемпионатына жолдама алды.

Тегтер