Маусым 07, 2022 19:22 Asia/Almaty

Сирия армиясының әуе қорғанысы сейсенбі күні таңертең Израильдің Сирия астанасы Дамаскіге зымырандық шабуылына қарсы тұрды.

Сирияның ресми SANA ақпарат агенттігі сейсенбі күні таңертең Сирия армиясының әуе қорғанысы Дамаскінің оңтүстік маңындағы бірнеше зымыранды ұстап, жойғанын хабарлады. Сионистік қырғи ұшақтар Ливанның әуе кеңістігін пайдаланып немесе басып алынған Голан төбелері арқылы Сириядағы нысандарға мезгіл-мезгіл зымырандық шабуыл жасайды.