Маусым 21, 2022 19:04 Asia/Almaty
  • Сионистік премьер-министр: Біз хаосқа кірудің алдында тұрмыз

Кнессетті (парламент) тарату туралы келісім жарияланғаннан кейін Израиль премьер-министрі бұл режимнің хаосқа кіру алдында тұрғанын және жақын арада Лапидтің премьер-министр тізгінін ұстайтынын мойындады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Израиль премьер-министрі Нафтали Беннетт дүйсенбіге қараған түні Сыртқы істер министрі Яир Лапидпен бірлескен баспасөз мәслихатында: «Біз Кнессетті тарату және мерзімінен бұрын сайлау өткізу күнін белгілеу туралы шешім қабылдадық. Лапидпен билікті ұйымдасқан түрде ауыстру туралы келісімге келді және Лапид жақында премьер-министр қызметін атқарады», - деді. Лапид  те сионистік режимнің күйреу алдында тұрғанын мойындап, сионистерді Израильдің бірлігі жолына қайта оралуға шақырды, өйткені күштер Израильді іштен ыдыратуда.