Маусым 26, 2022 14:14 Asia/Almaty
  • Раиси Йемен Жоғары саяси кеңесінің төрағасымен телефон арқылы сөйлесуінде: Иран атысты тоқтату келісімін қолдайды

ИИР Президенті Йемен Жоғары саяси кеңесінің төрағасымен телефон арқылы сөйлесуінде Иранның Йемендегі атысты тоқтатуды қолдайтынын қуаттады.

Раиси мырза Йемен Жоғары саяси кеңесінің төрағасы  Махди әл-Машатпен  телефон арқылы сөйлесіп, Йемен халқының жауынгерлік төзімділігі мен қарсыласуын мадақтап: «Иран Йеменнің аумақтық тұтастығы мен ұлттық егемендігін сақтау қажеттігін баса айта отырып, толық бейбітшілікке және халыққа қарсы экономикалық қысымның нақты жойылуына әкелетін атысты тоқтатуды қолдайды. Иран Йемен халқына гуманитарлық көмек, әсіресе коронавирусқа қарсы вакцина жіберуге дайын»,- деді.

Сауд Арабиясы мен оның одақтастарының Йеменде 2015 жылдан бергі соғысы  16 мыңнан астам йемендіктің қазасына, ондаған мың адамның жаралануына және миллиондаған йемендіктің босқынға айналуына әкелді.

 

Тегтер