Там 06, 2022 14:31 Asia/Almaty

Жұма күні кешке сионистік режимнің Газа секторына қарсы әскери амалдары басталғаннан кейін жергілікті ақпарат көздері сенбі күні таңертең де осы аймаққа айуандық шабуылдың жалғасқанын хабарлады.

Сионистік режим армиясының баспасөз өкілі сенбі күні таңертең: «Израильдің қырғи ұшақтары Газа секторында Исламдық джихад қозғалысының позицияларына шабуыл жасап жатыр»,-деп хабарлады.

Сионистік режимнің Газа секторына шабуылы салдарынан осы уақытқа дейін 11 палестиналық, соның ішінде бес жасар бала мен Исламдық джихад қозғалысының аға қолбасшысы қаза тауып, 82 адам жараланды.

Палестинаның «Шаһаб» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, басқыншылар Газа секторының солтүстігінде орналасқан Джебалияның шығысындағы Абу Ханифа мешітін талқандады.  

Израиль қырғи ұшақтары Газа секторының солтүстігінде орналасқан Бейт-Лахия мешітінің маңындағы егіс алқабын екі зымыранмен бомбалады.   

Тегтер