Там 07, 2022 17:01 Asia/Almaty
  • Газа секторында шəһидтер саны 24 адамға жетті

Сионистік режимнің Газа секторындағы тұрғын аудандарына жасаған жаңа шабуылдарының құрбандар саны артып келеді.

Сионистік режим жұма күні Газа секторына шабуыл бастап, əлі де жалғастырып жатыр.Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі: "Сионистік режимнің Газа секторына шабуылы басталғаннан бері 24 палестиналық, соның ішінде 6 бала шəһид болып, 215 адам жараланды",-деді.

Исламдық джиһад қозғалысының ресми баспасөз өкілі Давуд Шаһаб: "Бұл қозғалыс сионистерге бар күш-қуатымен жауап береді. Сионистерге бір ауданды басып алуға рұқсат бермейді",-деді.

Сионистердің осы қылмысынан кейін Палестина Исламдық джиһад қозғалысының əскери тармағы Құдс топтары да сенбі түннен осы күнге дейін басып алынған жерлердің түрлі аудандарын зымырандармен атқылады.

Осы уақытқа дейін Иран, Сауд Арабиясы, Түркия, Алжир, Тунис, Иордания, Катар мен Кувейт мəлімдеме жасап, Израильдің Газа халқына шабуылын айыптады.

Тегтер