Там 07, 2022 17:36 Asia/Almaty
  • Исламдық джиһад қозғалысының аға қолбасшысы шəһид болды

Исламдық джиһад қозғалысы сионистік режимнің Газаға шабуылында өзінің бір аға қолбасшысының шəһид болғанын хабарлады.

Сионистік режим жұма күні Газа секторына шабуыл бастап, əлі де жалғастырып жатыр.

Жексенбі күні сионистік əскерилердің Рафахқа шабуылынан туындаған қирандылар астынан 8 палестиналық, соның ішінде Палестина Исламдық джиһад қозғалысының əскери тармағы Сорайа ул-Құдс тобының қолбасшысы Халед Мансурдың денесі шығарылды.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Израильдің Газаға шабуылында 32 адам, соның ішінде 6 бала қаза тауып, 215 адамның жараланғанын хабарлады.

Тегтер