Там 08, 2022 19:14 Asia/Almaty
  • Раиси: Палестина мен Йемен жастарының қайсар рухы – Ислам революциясы жолының жалғасы

Иран Президенті сионистердің Газа халқына қарсы қылмыстарын айыптап, Палестина мен Йемен жастарының қайсар рухын Ислам революциясы жолының жалғасы деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси жексенбі күні шәһидтердің жанұяларымен кездесуінде хазірет Аба Абдулла әл-Хұсейннің (ғ.) шәһид болған күніне орай көңіл айтып, сионистердің Газа халқына қарсы қылмыстарын айыптап: "Бүгінде Палестина қарсыласу қозғалысында байқалып отырған айбын – Иран Ислам революциясының аймаққа әкелген өз-өзіне сенім рухы мен үстемшілдікке қарсы күрестің нәтижесі",-деп еске салды.

Раиси сионистік режимнің Газа халқына қарсы сан рет қылмыс жасағанын айтып: "Палестинаның бүгінгі халқын олардың өткенімен салыстырып көріңіз. Бұрынғы заманда Палестина халқының назары Кэмп-Дэвид, Шарм-ул-Шейх және Осло бейбіт келісімдеріне тігулі болатын. Ал бүгінде олар сионистердің зұлымдығына қарсы күресіп атыр. Палестина жастары осы күресті басқарып отыр. Қарсыласу қозғалысының бұл рухы таңылған соғыс шәһидтері мен қасиетті кесенелерді қорғаушылардың қанына қарыздар",-деді.  

Тегтер