Там 09, 2022 18:15 Asia/Almaty
  • Сионистер Наблуста 2 палестиналықты шәһид етті

Сионистік режимнің әскерилері Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Наблус қаласында бір үйге басып кіріп, екі палестиналықты өлтірді.

Палестина әл-Яум телеарнасының хабарлауынша, Израиль күштері Наблус қаласының ескі бөлігінде бір үйді қоршап алғаннан кейін сионистік режимнің арнайы күштері мен Қарсыласу қозғалысы жауынгерлерінің арасында қатты қақтығыс болды.

Палестиналық ақпарат көздерінің хабарлауынша, шәһид болғандардың бірі – Фатх қозғалысының әскери тармағы "әл-Ақса шәһидтері" батальондарының мүшесі Ибрахим ән-Наблуси.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, сионистік режим күштері осы үйге шабуылда иыққа қойып ататын зымыранды пайдаланған.  

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Наблус қаласының ескі бөлігінде кемінде 40 палестиналық сионистердің оғынан жараланды.  

 

Тегтер