Там 10, 2022 19:06 Asia/Almaty
  • Теһран халқы шеруінің қорытынды мәлімдемесінде сионистік режимнің қылмыстары айыпталды

Теһран халқының сионизмге қарсы шеруінің қорытынды мәлімдемесінде сионистік режимнің Газа секторындағы қылмыстары айыпталып, Палестинаның исламдық қарсыласуына қолдау білдірілді.

Кеше, сейсенбі күні Теһранда өткен сионизмге қарсы шерудің қорытынды мәлімдемесінде: "Құдсты басып алған режимге қарсы ондаған жыл бойы күресіп келе жатқан Палестинаның қаһарман халқы бүгінде барлық палестиналық күрескер топтардың жұмыла әрекет етуінің арқасында бұрыннан да айбындырақ сионистік басқыншыларға қарсы сап түзеді. Яғни сионистер мен олардың демеушілері үшін "соққы беріп, аман қалатын" кезең аяқталды",-делінген.

Осы мәлімдемеде: "Палестина Қарсыласу қозғалысының әлеуеті артып, тежегіш күші нығайған соң теңгерім өзгерді. Күрестің жаңа кезеңінде батыл да қайсар палестиналықтар сионистік режим тарапынан жасалған кез келген соққы мен шабуылға өкіндіретін жойқын жауап береді",-деді.  

Тегтер