Maм 19, 2020 19:01 Asia/Almaty
  • Қазақстан Елшісі Иранның Ғылым, зерттеу және технологиялар министрлігінің онлайн-вебинарына қатысты

18 мамырда Қазақстан Республикасының Ирандағы Елшісі А.Оразбай Иран Ислам Республикасы Ғылым, зерттеу және технологиялар министрлігінің коронавирус жағдайында ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған онлайн-вебинарына қатысты.

Іс-шара Иран Ислам Республикасының Ғылым, зерттеулер және технологиялар министрі М.Ғоламидың төрағалығымен, Иранның жетекші ғылыми, білім беру және зерттеу мекемелері басшыларының, сондай-ақ Аустрия, Германия, Италия, Қазақстан, Қытай, Түркия, Швейцария және Оңтүстік Африка Республикасының елшілерінің қатысуымен өтті.

Қазақстан Республикасының Елшісі өз сөзінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан коронавирусқа қарсы күрес іс-шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып беріп, ғылым мен білім салаларына ерекше назар аударды. Елші өте қысқа мерзім ішінде Қазақстан оқу кестесін бұзбай, бүкіл білім беру процесін қашықтықтан режимге көшіре алғанын, бұған Цифрлы Қазақстан бағдарламасын іске асыру жәрдемдескенін атап көрсетті.

COVID-19 әлемнің барлық елдерінің экономикасы үшін күрделі сынаққа айналғанын ескере отырып, ол қазіргі дағдарыстан шығу жолдарын іздестіру үшін ғылыми қауымдастықтың күш-жігерін біріктіру қажеттігін атап өтті.

Қазақстан мен Иранның әлеуетін ескеріп, ол қазіргі заманғы интернет-технологияларды қолдана отырып, ғылым және білім саласындағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Бұл үдерісті ілгерілету бойынша ықпалдастық жасауға қазақ тарапының дайын екенін білдірді.

Анықтама үшін: бүгінгі таңда Қазақстанның 9 университеті Иранның 18 жоғары оқу орнымен белсенді жұмыс істейді, оның ішінде білім беру саласындағы ынтымақтастықтың түрлі формалары бар (27 шарт).

2019 жылы Иранның 7 оқытушысы Қазақстанның 5 жоғары оқу орнында қайта даярлаудан өтті. Қазақстандық жоғары оқу орындарында  Иранның 28 азаматы, Иран университеттерінде   Қазақстан Республикасының 7 азаматы оқиды. 

Дереккөзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tehran/press/news/details/posol-kazahstana-prinyal-uchastie-v-onlayn-vebinare-ministerstva-nauki-issledovaniy-i-tehnologiy-irana?lang=kk

 

 

Тегтер

Сараптама