Қыр 16, 2020 17:05 Asia/Almaty
  • Жуырда Иранда «Коронавирустың халықаралық соттағы сөзі» атты кітап басылып шықты

Ирандық ақын әрі жазушы Парвиз Бейги Хабибабади әлемді жайлаған індетке өз көзқарасын білдіру мақсатында «Коронавирустың халықаралық соттағы сөзі» атты кітап жазды.

Коронавирусқа қатысты халықаралық сот отырысы әлемде ауыр жағдай тудырды. Өйткені сот отырысы жария өтетін болды. Бақылау және амал орталығының қолбасшысы Пікірлесу бөлмесіндегі өз кеңесшілеріне жағдайдың ушыға түсуінің алдын алу үшін тиісті шара ойластыруға бұйрық берді. Пікірлесу бөлмесінде екінші рет ресми жиналыс өткізіліп, саяси және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілер бірнеше сағаттық пікірталастан кейін айыптылармен сұхбаттасуда мол тәжірибесі бар бір қызметкердің коронавируспен сөйлесіп, одан Пікірлесу бөлмесі дайындаған мәтінді өзінің соңғы ақталу сөзі ретінде сотта оқуды сұрауы қажет деген шешімге келді...

Жазушының айтуынша, кітаптың мақсаты – адамдарға шектен тыс ғылыми-техникалық прогреске Табиғаттың жауабы қатал болатынын ұғындыру.

Тегтер

Сараптама