Жел 27, 2018 19:22 Asia/Almaty
  • Грузия Парламентінде хиджабқа тыйым салу жобасы бекітілмеді

Грузия Парламентінің депутаттары елде қоғамдық орындарда жамылғы мен бетперде қолдануға тыйым салу жобасын бекітуге қарсылық білдірді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Грузия Парламентінің адам құқығы комиссиясының басшысы София Киладзе елде қоғамдық орындарда жамылғы мен бетперде қолдануға тыйым салу жобасының Парламенттің сәрсенбі күнгі отырысында бекітілмегенін мәлімдеді.

Грузия Парламентінің адам құқығы комиссиясының басшысы елде хиджаб киюге тыйым салу жобасын талқылау және бекітудің 2019 жылдың 21 қаңтарына қалдырылғанын, діни мәселелерге қатысты жобаларды талқылау үшін арнайы жұмыс тобы құрылатынын айтты.

Грузия Парламентінің өкілі Анри Оханашвили де кешегі жиналыста сөйлеген сөзінде: «Грузия қоғамы бірнеше ұлттан тұрады. Олардың барлығы бір‑бірінің құқығына  құрметпен қарауы керек»,‑деді.   

Тегтер

Сараптама