Maм 16, 2019 23:02 Asia/Almaty
  • Путин Иранның ядролық бағдарламасының теңдессіз ашықтығын қуаттады

"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы 2015 жылдың шілде айында Венада Иран мен алтылық тобы арасында қабылданып, 2016 жылдың қаңтар айында орындала бастады. Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындауын қадағалайтын халықаралық орган – АҚХА Иранның келісімге толық берік екенін мәлімдеді.

Ресей Президенті Владимир Путин осыған қатысты өзінің соңғы ұстанымында сәрсенбі күні, 15 мамырда: "Иран 2015 жылы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қол қойғаннан бүгінге дейін ядролық жұмыстар саласында әлемнің ең ашық елі болып келеді",-деді.

Бестік тобының құрамындағы Ресейдің ең жоғары лауазымды тұлғасының бұл ұстанымы АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранның ядролық бағдарламасы туралы уәждерінің қаншалықты жалған әрі шындықтан алыс екенін анық көрсетеді.  

Трамп 2018 жылдың 8 мамырында АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын Иран мен оның ядролық бағдарламасынан көздеген мақсаттарына сай деп таппағандықтан және Иран ядролық қару жасауды көздейді деген сылтаумен бұл келісімнен шықты.

Вашингтонның бұл сөздері Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындауын қадағалайтын халықаралық орган – АҚХА тұрғысынан мүлде қабылданбайды.

Агенттік осы күнге дейін 14 есебінде Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына толық берік екенін жариялады.

Трамптың ядролық келісімнен шығып, Иранға келісім аясынан тыс талаптар қоюдағы шынайы мақсаты Иранның бейбіт ядролық бағдарламасына қатты шектеу қойып, ақырында сионистік режимнің талап-тілегіне орай оны толығымен тоқтату болып табылады.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның 12 баптық талабы 2018 жылдың мамырында жарияланды. Оның ішінде Иранның ядролық және зымырандық бағдарламаларын толығымен тоқтату және Иранның аймақтағы саясаттарын өзгерту болды.

Путин тоқталған тағы бір мәселе: Мәскеу "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдағанымен оның болашағы басқа көптеген мәселелерге байланысты болып отыр.  

Путин: "Өкінішке орай, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты барлық келісімдер бұзылды. Бірақ Ресей әрдайым Иранның ядролық келісімін қолдаушылардың бірі болып келеді. Иранның осы келісім аясында әрекет еткені абзал. Ал "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы айтарым, оның болашағы жалғыз Ресейге байланысты емес",-деді.

Басқа сөзбен айтқанда, оның көзқарасынша "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының болашағы еуропалықтардың АҚШ санкцияларының қысымын азайту үшін Иранға берген уәделерін орындауына, соның ішінде  INSTEX атты арнайы қаржы механизмін іске қосуына байланысты.

Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін азайтып, Еуропаға 60 күндік мұрсат беру арқылы шын мәнінде бестік тобына өзінің бел байлағандығын көрсетті. Бұл мұрсат еуропалықтарға ядролық келісімді құтқару үшін түбегейлі де әсерлі қадамдар жасауға берілді.

Тегтер

Сараптама