Маусым 15, 2019 20:20 Asia/Almaty

ИИР Президенті Теһран-Мәскеу қарым-қатынасының кеңеюінің аймақтың тұрақтылығы мен дамуына аса маңызды екенін айтты.

Иран Президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Хасан Рухани жұма күні Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының 19-шы саммиті аясында Ресей Президенті Хасан Руханимен кездесуінде: "Екі елдің энергетика мен тасымал салаларындағы экономикалық келісімдерінің қарқынды орындалып жатқанын айтып, келесі аптада Теһранда өтетін ортақ ынтымақтастық комиссиясы отырысының бұл үдерісті жылдамдата түсетінін айтты.

Рухани, сондай-ақ, АҚШ-тың Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан заңсыз шыққанын еске салып: "Вашингтон бұл келісімнен заңсыз шығып қана қоймай, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын сақтағысы келетін компаниялар мен елдерге бұрын-соңды болмаған тәсілде санкциялар салып отыр",-деді.

Путин де Мәскеудің Иранмен екіжақты, аймақтық және халықаралық ынтымақтастықтарды дамытуға мүдделі екенін айтып: "Сирияның қазіргі сәттіліктері – Иранның сындарлы рөлі мен Ресей-Иран-Түркияның Астана үдерісіндегі үшжақты әріптестігінің нәтижесі",-деп қуаттады.  

Тегтер

Сараптама