Қаз 04, 2019 18:08 Asia/Almaty
  • Трамп Қытай мен Украинадан әкелі-балалы Байдендер туралы тексеріс жүргізуді сұрады

АҚШ Президенті Қытай мен Украинадан 2020 жылғы сайлаудағы өзінің басты бәсекелесі мен оның ұлы туралы тексеріс жүргізуді сұрады.

Hill сайтының хабарлауынша, Дональд Трамп кеше, бейсенбі күні бірнеше ай бұрын Украина Президенті Владимир Зеленскийден АҚШ-та 2020 жылы өтетін сайлауда Трамптың бәсекелесі болуы мүмкін Джо Байден мен оның ұлы Ганц Байден туралы тексеріс жүргізуді сұрағанын айтып: «Егер олар шыншыл болса, "Байдендер" туралы ауқымды тексеріс бастайды»,-деді.

Трамп Байденге қарсы айыптарын тағы қайталап: «Қытай да әкелі-балалы Байдендер туралы тексеріс жүргізуі керек»,-деп ашық айтты.

Байден мен оны ұлының ықтималды жемқорлығы туралы тексеріс жүргізілген жағдайда ғана Трамп Украинаға 250 млн долларлық әскери көмек беретінін айтты.  

Ганц Байден 2019 жылға дейін бір украиндық компанияға жұмыс істеген.    

 

Тегтер

Сараптама