Қар 19, 2019 20:58 Asia/Almaty
  • Трамп үкіметінің сионистік режимнің заңсыз үкіметін қолдау саласындағы жаңа шешімі

Дональд Трамптың президенттік билігі кезіндегі АҚШ-тың сыртқы саясатының анық негіздерінің бірі ешбір шартсыз Израильді қолдау және АҚШ-тың бұрынғы президенттері іске асырудан бас тартқан әрекеттерді іске асыру болуда. Трамп үкіметі бұл салада тіпті сондай алға ілгерілеп, тіпті Вашингтонның еуропалық одақтастарының наразылықтарына себеп болды.

 

АҚШ  Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео 18 қарашада қайтадан сионистік режимнің Палестина жерлеріндегі басқыншылығын қолдап,   Вашингтонның осыдан әрі Йордан өзенінің батыс  жағалауындағы Израильдің қалашық құрылысын халықаралық заңдарға қайшы деп санамайтынын жариялады. Майк Помпео Вашингтонның Йордан өзенінің батыс жағалауындағы Израильдің қалашық құрылысы жөніндегі саясатын өзгерткеніне тоқталып: «Бұл қалашықтар құрылысы халықаралық заңдарды бұзу болып саналмайды»,- деп уәжденді. Помпео АҚШ мемлекеттік департаментінің 1978 жылға қатысты бұл саладағы құжаттарының бірінің күшін жойғысы келеді. Бұл құжатта Палестинаның басып алынған жерлеріндегі қалашықтар құрылысы халықаралық  заңдарға қайшы деп көрсетілген. Трамп үкіметінің бұл жаңа шешімі Вашингтонның сионистік режимнің заңсыз әрекеттерін жан-жақты қолдауы мен керісінше Палестинаның  тәуелсіз ел қылып ресми қабылдануы талпыныстарын осалдатқысы келетінін көрсетеді. Палестиналықтар бір ауыздан АҚШ-тың бұл шешіміне қарсылығын жариялады. АҚШ-тың бұл әрекеті Еуроодақтың әшкере қарсылығымен де бетпе-бет келді. Еуроодақ   басып алынған жерлердегі қалашықтар  құрылысын заңсыз деп санайтынын жариялады.  Сионистік режим АҚШ қолдауына ие болып, әрқашан БҰҰ-ның, әсіресе №242-ші қарары мен әлемдік қауымдастықтың талабына немқұрайдылық білдіріп, Йордан өзенінің батыс жағалауында сионистік қалашықтар  құрылысын жалғастырып келді. Бұл бүкіл қалашықтар халықаралық заңдар бойынша, заңсыз саналады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 2016 жылдың 23 желтоқсанында №2334-ші қарарды бекітіп, Израильден жылдам Палестинаның басып алынған жерлерінде қалашықтар құрылысын толық тоқтатуды талап етті. Сионистік режим бұл қалашықтарды салып, палестиналық аймақтардың географиялық құрылымы мен тұрғындар құрамын өзгертіп, соңында бұл аймақтарды басып алынған Палестина жерлері (Израильдің) территориясына қосып алғысы келеді. БҰҰ мен әлем мемлекеттерінің көбі сионистік режимнің қалашықтар құрылысын заңсыз деп санайды. Өйткені бұл режим 1967 жылдың маусым  айындағы соғыста бұл жерлерді басып алды. Негізінде Женева конвенциясы бойынша басқыншы режіимнің тартып алған жерлерде құрылыс жүргізуіне тыйым салынған. Бірақ сионистік режимнің премьер-министрі Бениамин Нетаньяху Трамптың Израильге жан-жақты қолдау көрсетуіне сүйеніп, сионистік қалашықтар құрылысын тоқтатпас түгілі, жаңа қалашықтар құрылысы  және оларды бір-біріне қосу жобаларын ұсынып,   соңында бұл аймақтарды Израильдікі деп жарияламақ.  

Тегтер

Сараптама