Қар 22, 2019 18:13 Asia/Almaty
  • Иран халқына санкция салушылар ирандықтарды қолдайтыны туралы уәж айтуда

АҚШ Президенті бейсенбі күні кешке Twitter-дегі жеке парақшасында өткен бір жылда ирандықтарға қарсы салған заңсыз әрі әділетсіз санкцияларына тоқталмастан, интернеттің уақытша өшірілуін Иранда тұрақсыздықтың туындауының себебі деп атады.

АҚШ-та билік басына келгеннен бастап Трамп Иран мен ирандықтарға қарсы әрекет жасап: "Иран үкіметі халықтың елдегі қатігездіктер туралы сөйлесе алмауы үшін интернетті жапты",-деген уәж айтты.

АҚШ-тың Иран халқын қолдайтыны туралы уәжді сәрсенбі күні Швейцарияның Теһрандағы елшісі Маркус Лайтнердің АҚШ-тың мүдделерін қорғаушы ел ретінде ИИР СІМ-не шақыртылып, Теһран үкіметінің АҚШ-тың Иранның ішкі істеріне араласуына наразылығы жарияланған жағдайда орын алды.

Өткен жұма күні таңертең бензин бағасын өзгерту жобасы орындалғаннан кейінгі халықтың бейбіт наразылықтары кейбір бұзақылардың теріс пайдалануы салдарынан бағытынан тайды.    

Тегтер

Сараптама