Жел 06, 2019 10:22 Asia/Almaty
  • Нетаньяху Майк Помпеодан Иранға қысымды арттыруды сұрады

Сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяху мен Американың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Португалияның астанасы Лиссабонда кездесіп, өздері айтқандай «Иранның аймақтағы тұрақсыздық тудыруға әсері» туралы сөйлесіп, пікір алмасты.

IRNA News агенттігінің хабарлауы бойынша Нетаньяху кездесуде Америкадан Иранға қысымды арттыруды сұрады.
Майк Помпео да кездесуден кейін Твиттердегі парақшасында: «Америка мен Израиль Иранмен күресудегі талпыныстарын арттырады», - депп жазды.

Сионистік режимнің премьер-министрі жуырда Дональд Трампқа ИИР-на қысымды арттырғаны үшін алғыс айтты.

ИИР қарсыласу шебінің негізгі мүшелерінің бірі ретінде америкалық-сионистік өзектің аймақтағы қастандықтарымен қарсыласуда басты рөл атқарады.

 

Сараптама