Жел 13, 2019 21:22 Asia/Almaty
  • Ирандық шахматшы қыз сионистік режимнің шахматшысымен ойнаудан бас тартты

Иранның шахматтан жеңімпаз қызы Палестина халқын қолдап, тоғызыншы раундта сионистік режимнің шахматшысымен ойнаудан бас тартты.

 

Al-Alam арнасының мәліметінше, Испаниядағы шахматтан халықаралық жарыстардың жалғасында Мобина Алинасаб Палестинаның езілген халқын қолдап, сионистік режимнің шахматшысымен ойнаудан бас тартты. Мобина Алинасаб Испаниядағы халықаралық жарыстардың сегізінші кезеңінде 2324 рейтингімен 2234 рейтингі бар Үндістаннан келген Рохитты жеңді. Алинасаб сегізінші раундтың соңына дейін 5 рет тең, бір ұтылыс пен бір жеңіске жеткен болатын.

 

Тегтер

Сараптама