Жел 13, 2019 21:29 Asia/Almaty
  • Қытайда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының лаңкестікке қарсы ортақ жаттығуы өтті

Қытайда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің киберлік лаңкестікке қарсы ортақ жаттығуының үшінші кезеңі өтті.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, жаттығу екіжақты сенімді арттыру, аймақтың лаңкестікке қарсы органдарының киберлік лаңкестікпен күресу дайындығы  деңгейін бағалау, мәліметтермен алмасу және Қытайдың Сямынь қаласындағы кешегі және бүгінгі әрекеттерді үйлестіру мақсатында өтті. ШЫҰ-ның лаңкестікпен күрес кеңсесінің директоры Евгений Сысоев: «Бұл жаттығу кезінде ШЫҰ-на мүше елдердің жауапты органдарының киберлік лаңкестік әрекеттерді анықтап, залалсыздандыратын заңдар, жұмыс үдерісі мен технологиялар талқыланды»,- деді.

 

 

Сараптама