Жел 13, 2019 21:57 Asia/Almaty
  • Ұлыбританияда парламенттік сайлаудың қорытынды нәтижесі жарияланды

Қауымдар палатасының кезектен тыс сайлауында консерваторлар жеңіп, палатаның көбірек орындарына ие болып, Brexit-ті іске асыруға жағдай жасады.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің Лондоннан хабарлауы бойынша Ұлыбритания парламентінің   кезектен тыс сайлауы аяқталып, Премьер-министр Борис Джонсон басқарған консерваторлар партиясы 650 орынның 364 иеленіп, жеңіске жетті. Жарияланған ресми мәліметтер бойынша, консерваторлар партиясы 45 пайызға, лейбористік партия 33 пайыз дауысқа ие болды. Сайлауға халықтың шамамен 67 пайызы қатысты.

Өткен сайлаумен салыстырғанда бұл жолы партиясы 76 орынға көбірек ие болған Борис Джонсон: «Сайлаудың нәтижесі Brexit-тің тұйыққа тірелуі мен екінші рет референдум өткізу қатерін жойды»,- деп қуаттады.

Тек 203 орынға ие болған лейбористік партияның төрағасы Джереми Корбин енді ешбір сайлауда партияның басшылығын өз міндетіне алмайтынын, отставкаға кететінін мәлімдеді.

 

 

Сараптама