Жел 13, 2019 22:26 Asia/Almaty
  • Батыс халықты қорғауды сылтауратып, адам құқығы мәселесін құрал ретінде пайдаланады

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Аббас Мусави Германия Сыртқы істер министрінің Ирандағы жуырдағы бейберекеттіктерді саяси мүддесіне қолданып, біржақты ұстаным білдіруін айыптады.


 

 

Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас кеше бейсенбі күні Германия Парламенті өкілдерінің біріне берген жауабында: «Ирандағы наразылық білдіру ағымында жүздеген адам өлді. Сондықтан наразылықтардың басып-жаншылуын айыптау керек»,- деген уәж айтты. Бұдан бұрын Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Жозеп Боррель де Иранның ішкі ісіне араласып, жуырдағы наразылық әрекеттерін саяси тұрғыдан теріс пайдаланып, Иранға қарсы айып тақты. Еуропаның саяси шенеуніктері дәл осы еуропалық мемлекеттер АҚШ-тың Иран халқына қарсы экономикалық лаңкестігіне еріп, іс жүзінде адам құқығын бұзған жағдайда Иран халқын қолдау туралы уәж айтып отыр.  Еуропалықтардың саяси және екіжақты ұстанымы білдіруі бірінші рет емес. Ислам революциясының тарихына жасаған  шолу Германияның Ирактағы Саддамның БААС режимінің Иранға қарсы соғысы кезінде бұл режимге химиялық қару бергенін көрсетеді. Ирактағы БААС режимінің Батыстың химиялық қаруын пайдалануының салдарлары осы уақытща дейін Иран халқының тұрмысынан байқалады. Сондай-ақ Германия АҚШ-тың экономикалық лаңкестігін қолдап, Саддамның БААС режимінің Иранға қарсы соғысы кезінде Германияда жасалған химиялық қаруды пайдалануы салдарынан жарақат алған науқастарды емдеу үшін қажет дәрі-дәрмекті енгізуге тыйым салды. Сонымен қатар, кейбір еуропалық үкіметтердің, соның ішінде Германияның Батыс Азия аймағында Йеменнің қорғансыз әйелдері мен балаларын қырып-жоюы мен бұл елдің инфрақұрылымдарын қирату үшін қолданылатын заманауи қарулар жіберуі Батыстың адам құқығын қорғауының келесі бір түрі.

Иран үкіметі  бензин бағасының көтеріліуне байланысты наразылықтар ағымында халықтың шынайы дауысына құлақ салып, қарсыластар мен бүлікшілерді халықтан бөлді. Бұл салада Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Аббас Мусави бейсенбі күні: «ИИР елдегі жуырдағы тынышсыздықтарда дұшпандар мен жазықсыз адамдарды өлтіргендер мен олардың  шетелдік демеушілерін наразы пікірлерден бөліп, зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес Иран халқының құқықтарын құрметтеу саласында тиісті шешім қабылдап,   тұрақты қауіпсіздікті қамтамасыз етеді»,- деді.

АҚШ пен Еуропа үкіметтерінің Ирандағы бензин бағасының қымбаттауына байланысты тынышсыздықтар ағымына қатысты ұстанымдары олардың наразылықтарды саяси мүдделеріне пайдаланып, Иран халқы мен адам құқығын қорғап, өтірік жақтасып отырғанын көрсетті.

 

 

Тегтер

Сараптама