Жел 14, 2019 20:49 Asia/Almaty
  • Еуразия Одағы экономикалық комиссиясының басшысы Ресейдегі Иран елшісіне алғыс айтты

Еуразия Одағы Экономикалық комиссиясының басшысы Тигран Саргсян Ресейдегі Иран елшісі Меһди Санаиге Иран мен Еуразия экономикалық одағы арасында еркін сауда аймағын құру туралы уақытша келісімге қол қойылуына байланысты алғыс айтты.

IRNA News агенттігінің жұма күнгі хабарлауы бойынша Тигран Саргсян Ресейдегі Иран елшісі Меһди Санаимен қоштасу рәсімінде Иранның Еуразия экономикалық одағына енуін Иран елшісі мен елдің жауапты басшыларының өткен бірнеше жылғы кәсіби, тынымсыз дипломатиялық еңбектеріне қарыздар деп бағалады.

Ресейдегі Иран елшісі Меһди Санаи да кездесуде Еуразия экономикалық одағы мен Иранның жақсы серіктестігін тілге тиек етіп, Саргсян мен осы одаққа мүше елдер министрлерінің келісімге қол қойылу үшін ізгі ниетке ие болып, жақсы ынтымақтастықтары мен Иранға көрсеткен қолдауларына алғыс айтты.

Иранның преференциалды сауда келісімі 862 тауарды қамтиды. Оның 360 тауары Иранның Еуразия одағына берген жеңілдігі, 502 тауар Еуразия одағының Иранға жасаған жеңілдігі.

 

Сараптама