Жел 20, 2019 19:01 Asia/Almaty

Ресейдің Барлау қызметі бейсенбі күні түсткен кейін Мәскеуде болған қарулы шабуылдың нысанасы РФ Президенті Владимир Путин болуы мүмкін деп болжап отыр.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей Барлау қызметінің мәліметіне сәйкес Владимир Путин Қауіпсіздік күніне орай РФ қауіпсіздік ұйымының орталық ғимаратына қауіпсіздік күштерін құттықтауға баруы тиіс болған.

Жергілікті уақыт бойынша бейсенбі күні сағат 17:00-де бір белгісіз қарулы адам Калашников автоматын алып, Мәскеудегі РФ қауіпсіздік ұйымының орталық ғимаратының қабылдау бөліміне кіріп, күзетшілерге от жаудырған.

Осы қарулы қақтығыс салдарынан РФ қауіпсіздік ұйымының күзет күштерінің бір сарбазы қаза тауып, қауіпсіздік күштері мен жаяу жүргіншілерден 5 адам жараланды.

Шабуылдаушыны жарты сағаттық атыстан кейін Ресейдің арнайы полиция күштері  өлтірді.

Тегтер

Сараптама