Жел 26, 2019 19:26 Asia/Almaty
  • Украинада Израильдің жеті азаматы ұсталды

Украина басшылары Киев әуежайында сионистік режимнің жеті азаматы ұсталғанын хабарлады.

IRNA News агенттігінің хабарлауы бойынша Киев пен Тель-Авив арасында кикілжіңдердің артуымен Украина жауапты тұлғалары сәрсенбі күні Украинада Израильдің жеті азаматы ұсталып, елден шығарылатынын мәлім еттті. 

Украина басшылары сионистік режимнің бұл азаматардың алашқы ұшақпен қайтарылатынын мәлімдеді. 

Израильдің ұсталған азаматтарының бірінің сөзі бойынша Украинаның жауапты тұлғалары оларға Тель- Авив осы елдің азматтарын елден шығарып жатқандықтан Киев те қарымта әрекетке барды деп айтқан. 

Киев басшылары 2018 жылы да сионистік режим азаматтарының Украина жеріне енуіне сан рет тосқауыл жасады. 

 

Тегтер

Сараптама