Қаң 12, 2020 20:13 Asia/Almaty
  • Иран мен Украина басшылары телефон арқылы сұхбаттасты

ИИР Президенті Украина басшысымен сұхбатында: "Екі елдің техникалық мамандарының әріптестігі ұшақ апаты тексерісінің соңына дейін байсалды түрде жалғасады",-деді.


 

Хасан Рухани сенбі күні Украина Президенті Владимир Зеленскиймен соңғы екі күнде екінші рет телефон арқылы сұхбаттасып, украиналық ұшақ апатын тексеру нәтижелерінің жарияланғанына тоқталып: "Бұл апатқа адам қателігі себеп болды. Оқиғаға қатысы бар адамдардың ісін Иранның сот органы тексереді",-деді.

Рухани осы оқиғаға өкініш білдіріп, Теһранның аталмыш мәселеге қатысты барлық құқықтық міндеттемелерге берік екенін қуаттап, бұл саладағы әріптестік Иран мен Украина Сыртқы істер министрлері деңгейінде жалғасатынын айтты.  

Владимир Зеленский де телефон арқылы сұхбатта аталмыш оқиғаға байланысты Иран халқы мен үкіметіне көңіл айтып: "Иранның апатқа қатысты мәлімдемесі Украина үшін өте маңызды. Қысылтаяң жағдайда Теһранның заң аясында әрекет етіп, әсерлі әріптестік жасауы алғыс айтуға тұрарлық",-деді.

 

Тегтер

Сараптама