Қаң 14, 2020 22:31 Asia/Almaty
  • Сардар Солейманиге қарсы лаңкестік әрекет жөнінде Трамп тағы бос сөйледі

3 қаңтарда АҚШ қылмыстық әрі заңсыз әрекетінде Бағдад халықаралық әуежайына жасаған әуе шабуылында Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысы қажы Ғасем Солеймани мен Ирактың «Хашд әш-Шааби» халықтық күштерінің басшысы Абумаһди әл-Моһандес пен олардың қасындағыларды шәһид етті. Бұл лаңкестік шабуылға «Сардар Солеймани АҚШ елшілігіне шабуыл жасағысы келеді» деген уәждер сылтау болды.

Жаңа мәліметтер  мен АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеуніктерінің сөздері Вашингтонның бірнеше айдан бері бұл салада шешім қабылдағанын және қылмыстық жоспарды орындау үшін уақытты күткенін көрсетті. АҚШ-тың NBC News арнасы кеше дүйсенбі күні Трамптың 2019 жылдың маусым айында, яғни жеті ай бұрын Солейманиге қарсы лаңкестік әрекет жасау туралы  бұйрық берген хабарлады. Бұл мәлімдеме бойынша, Иранның әуе-қорғаныс жүйесі америкалық Global Hawk ұшқышсыз ұшағын құлатқан соң Трамп: "Егер Иран күштері немесе олардың қарамағындағы топтардың шабуылдары  барысында америкалық әскери немесе америкалық азамат өлсе, сардар Солейманиді америкалық күштер нысанаға алып, өлімге ұшырайды",- деп бұйырған болатын. Трамп жексенбі күні ешбір құжат ұсынбастан: "Сардар Солейманиге қарсы лаңкестік әрекет жасауға  оның америкалық әскерилер үшін қатер тудыруы және АҚШ-тың 4 елшілігіне шабуыл жасауды жоспарлауы себеп болды",- деп уәжденді. Трамп бұл тақырыптағы дүйсенбі күнгі сөзінде арсыздықпен сардар Солейманиді әлемнің бірінші лаңкесі деп атауымен бірге: "Бұл істі осыдан 20 жыл бұрын іске асыру керек еді",- деді.

Трамп уәждеріне қатысты құжат ұсынды ма? Әлде ИИР-на қарсы психологиялық соғыс барысында айтқан басқа де жүздеген негізсіз уәждері сынды бос сөзін қайталай бере ме?

Трамп үкіметі қазір де Ресей мен Қытайға қарсы дәл осы саясаты ұстануда. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео: "Генерал Солейманиді өлтіру АҚШ дұшпандары тудыратын дағдарыстарға қарсы тұру саласындағы кең ауқымды стратегияның бір бөлігі. Бұл Қытай мен Ресейге де қатысты",- деді.  Трамп: "Демократтар саяси мақсаттарына жету үшін генерал Солейманиді қорғауға талпынуда. Бұл АҚШ үшін масқара",- деді.

Қорыта айтқанда, Трамп үкіметі Иранның кек алу әрекеті ретінде Ейн әл-Асад базасына жасаған шабуылынан кейін Иранның әскери әлуетіне шынайы назар аудару қажеттігін және Иран мен аймақтағы оның одақтастарының кек алу әрекеттерін  үнемі алаңдаушылықпен күтетінін түсінді.

   

 

 

 

 

Тегтер

Сараптама