Қаң 17, 2020 13:41 Asia/Almaty
  • Иран мен Украина Сыртқы істер министрлері жуырдағы ұшақ апаты туралы кеңесті

ИИР мен Украина Сыртқы істер министрлері бейсенбі күні кешке телефон арқылы сұхбаттасып, Теһранда орын алған ұшақ апатына қатысты соңғы жағдай туралы пікір алмасты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф осы сұхбатта Иранның украиналық азаматтардың мәйіттерін жіберуге және осы ел мамандандарының украиналық ұшақтың қара жәшігін тексеруге қатысуға әзір екенін хабарлады.

Украина Сыртқы істер министрі Иранға апатқа жауаптыны тез жариялап, барлық кезеңдерде белсенді әріптестік жасағаны үшін алғыс айтты.

Украина Ішкі істер министрлігі бұдан бұрын бір мәлімдемесінде өткен аптада Иранда орын алған ұшақ апатынан қаза тапқан 11 украинның мәйіттері анықталып, 19 қаңтарда Украинаға тасымалданатынын хабарлады.      

Тегтер

Сараптама