Қаң 17, 2020 14:02 Asia/Almaty
  • Зариф: Үндістанда бір ирандық банктің филиалы ашылады

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні үнді тарапымен осы елде бір ирандық банктің филиалын ашуға келіскенін хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф Иран мен Үндістан арасындағы экономикалық байланыстарды жеңілдету үшін жасалған келісімдер туралы: "Үндістанда бір ирандық банктің филиалын ашумен қоса, бір үнді банкінің филиалын Иранның оңтүстік-шығысындағы Чабаһар айлағында ашу келісілді. Сонда екі елдің арасында ақша жіберу саласындағы кейбір қиындықтар шешіледі",-деді.

Мұхаммад Джавад Зариф Иран мен Үндістан арасында ақша жіберу қиындықтарын шешуді бір стратегиялық мәселе деп атап: "Әлем елдері мәмілелеріндегі АҚШ долларының рөлін біртіндеп азайтуымыз керек",-деді.        

Тегтер

Сараптама