Қаң 17, 2020 14:22 Asia/Almaty
  • АҚШ шетелдік компанияларға Иранмен мәмілелерін азайтуға үш айлық мұрсат берді

АҚШ Қаржы министрлігі Иранға қысымдардың жалғасында: "Вашингтонның Иранмен әртүрлі салаларда әріптестік жасап жатқан шетелдік компанияларға берген мұрсаты үш айдан кейін (09/04/2020) аяқталады",-деді.

Reuters ақпарат агенттігінің бейсенбі күні кешке хабарлауынша, АҚШ Қаржы министрлігі: "Санкциялардан босатуға берілген 90 күндік мұрсат 2020 жылдың 9 сәуірінде аяқталады. Сол күнге дейін шетелдік компанияларға Иранмен құрылыс, кен, өндіріс және текстиль салаларындағы мәмілелерін жалғастыруға рұқсат етіледі",-деді.   

АҚШ үкіметі өткен жұма күні Вашингтонның Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарасты "Құдс" арнайы күштерінің қолбасшысы сардар Касем Солейманиді шәһид еткен лаңкестік әрекетіне Иранның зымырандық шабуылмен жауап бергенінен кейін Иранға қарсы жаңа санкциялар салды.

Тегтер

Сараптама