Қаң 21, 2020 20:52 Asia/Almaty
  • Мадуро: Помпео – қияли

Венесуэла Президенті АҚШ Мемлекеттік хатшысын өтірікпен өмір сүретін қияли деп атады.

Франция ақпарат агенттігінің мәліметінше, Николас Мадуро дүйсенбі күні кешке Каракаста Куба үкіметінің өкілімен кездесуінде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоны тіпті өзін алдап өмір сүретін қияли адам деп атады. Майк Помпео Латын Америкасы мен Кариб теңізі аймағына сапар шегіп, әсіресе Колумбияда Вашингтонның Венесуэла үкіметінің қарсыласы Хуан Гуайдоны қолдайтынын қайталады.

 

 

Тегтер

Сараптама