Қаң 25, 2020 17:24 Asia/Almaty
  • Қытайда коронавирус құрбандарының саны 41 адамға жетті

Қытайда коронавирус құрбандарының саны артып, 41 адам қаза тапты.

South China Morning Post газеті сенбі күні: «Қытайдың шығысындағы Хубей провинциясында өлген адамдардың барлығы коронавирус таралған орталық болып саналатын Ухань қаласының тұрғындары. Қытайдың 29 облысында коронавирусқа шалдыққандар саны шамамен 1112 адамға жетті»,- деп жазды.

Вирустың одан әрі таралуының алдын алу үшін Қытай Хубэйдің сегіз қаласы және одан шығатын жолдарға карантин жариялады және  бұл облысқа жүздеген дәрігерлер аттандырды. Коронавирус осы кезге дейін басқа 11 елде, олардың ішінде АҚШ, Франция мен Австралияда байқалды.

Тегтер

Сараптама