Қаң 26, 2020 20:18 Asia/Almaty
  • Қытай коронавирусқа қарсы дәрі жасап шығарды

Қытайдың Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жариялап, елде коронавирусқа қарсы дәрі жасап шығарылғанын хабарлады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауынша, Қытай Денсаулық сақтау министрлігі өз мәлімдемесінде қазіргі таңда дәрінің зертханалық сынақтың соңғы кезеңінен өтіп жатқанына тоқталып: "Бірнеше сағаттан кейін коронавирусқа қарсы дәрі науқастарға тегін таратылады",-деді.

Қытай Денсаулық сақтау министрлігі бірнеше сағат бұрын коронавирусқа қарсы HIV дәрісінің әсер еткенін хабарлап, бұл дәрінің әзірге Бейжің ауруханаларындағы коронавирус ауруына шалдыққандарға берілетінін айтты.  

Қытайда ауруға шалдыққандардың саны 1985-тен асты, әлемде 2020 адамға жетті. Осы күнге дейін Қытайда аталмыш вирус салдарынан 56 адам көз жұмды.   

 

 

 

Сараптама