Қаң 26, 2020 22:09 Asia/Almaty
  • Еуропалықтардың АҚШ Президенті Трампқа қарсы тұруға шамасы жетпейді

Иран Сыртқы істер министрі Германияның "Шпигель" апталық журналына сенбі күні берген сұхбатында шындығында еуропалықтардың АҚШ Президенті Дональд Трампқа қарсы тұруға шамасы жетпейтінін айтып, еуропалықтардың АҚШ-қа қалтқысыз бағынуын апатты жағдай деп атады.

Зариф осы сұхбатта, сондай-ақ, үш еуропалық ел  – Германия, Ұлыбритания мен Францияның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы қайшылықтарды шешу механизмін іске қосуға шешім қабылдау ықтималына тоқталып: "Еуропалықтардың мұндай механизмді қолдануға заңды себептері жоқ",-деді. Зариф Ресей мен Қытайдың Иранға қатысты бірдей пікірге ие екенін айтып: "Еуропалықтар бір үлкен күреске дайын болуы керек",-деп еске салды.

Қайшылықтарды шешу механизмі – "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы соңғы бөлім. Бұл механизм БҰҰ-ның №2231 қарарына сәйкес тоқтатылған бұрынғы қарарларды қайтара алады.

Бір жылдан астам уақыт бойы Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының баптарына сәйкес өзінің ядролық міндеттемелерін қысқарту мақсатында бес қадам жасаған кезде Еуропа елдері өз саясаттарын өзгертпегені былай тұрсын, «Моше» механизмін іске қосу арқылы Теһранды ядролық келісімнің міндеттемелеріне қайтаруды көздейтінін айтып отыр. Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындауға берік екенін  сан рет мәлімдеген. Бұл мәселені АҚХА да, еуропалық елдер де әртүрлі кезеңдерде өздерінің ресми мәлімдемелері мен есептерінде растады.

Еуропалықтар өз шешімдерінің салдарына да алаңдап отыр. Сондықтан әзірге мәселе ортақ комиссияның қарауына берілген. Бұл комиссия тараптардың қайшылықтарын қарастыруға міндеттелген.

Геосаяси істер пәнінің ұстазы Абдурреза Фарджирадтың пікірі бойынша, механизмді іске қосу Иран ісін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жіберу және санкцияларды қайтару деген сөз емес, керісінше еуропалықтардың Иранмен келіссөздерді бастауды қалайтынын білдіреді. Оның айтуынша, бұл келіссөздерде қоқан-лоққы сарыны бар.      

Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсонның BBC телеарнасына берген сұхбатында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын "Трамп келісімімен" алмастыру туралы айтқан сөздері осы көзқарасты растай түседі.

Еуропалық елдердің бұл шарасы мынадай жағдайда орын алды: Иран шешімі ядролық келісімнің тараптары – үш еуропалық елдің Иранның осы келісім аясындағы экономикалық мүдделерін қамтамасыз етуде әрекетсіз ұстаным білдіргеніне реакция болып табылады. Иран бесінші қаңтарда ядролық міндеттемелерін қысқартуға бағытталған бесінші қадам жасады. Соның негізінде ИИР-ның ядролық бағдарламасына уран байыту көлемі, уран байыту пайызы, байытылған заттардың көлемі, ядролық зерттеу мен даму бойынша ешқандай шектеу  қойылмайды. Иранның ядролық бағдарламасы тек өзінің техникалық қажеттіліктері негізінде дамытылады.

Қазіргі таңда еуропалықтар "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында қалу немесе АҚШ сияқты шығу жолайырығында тұр. Бірақ олар Иранның қарымта шараларының салдарына қатты алаңдайды. Иранның жауабы ешқашан қоқан-лоққы  жасау болған емес, болмайды да. Ол тек заңды құқық аясында әрекет етеді. 

 

Сараптама