Қаң 27, 2020 22:28 Asia/Almaty
  • Палестинаның

АҚШ Президенті Дональд Трамп "Ғасыр мәмілесі" жобасының алдағы 24 сағатта тұсауы кесілетінін айтты.

Дональд Трамп Израильде Премьер-министр қызметіне басты үміткерлер Беньямин Нетаньяху мен Бени Ганцты бір мезгілде Вашингтонға шақырды. АҚШ Президентінің Нетаньяху мен Ганцпен кездесуінде ресми түрде "Ғасыр мәмілесі" жобасының тұсаукесер рәсімі өтеді деп күтілуде.

"Ғасыр мәмілесі" атты шовинистік жобаға сәйкес, сионистік режимнің араб елдерімен қайшылықты жерлерінің барлығы, әсіресе Палестина жерлері Израильге беріледі. Палестиналық босқындардың өз жерлеріне қайтып оралу құқығы жоқ, Палестина тұрғындарына қару-жарақ берілмейді, қала полициясының ғана жеңіл қару ұстау рұқсаты бар.

Палестиналық топтар осы шовинистік жобаға қатаң қарсылық білдіріп, онымен күресетінін мәлімдеді. Палестинада бұл жобамен күресу үшін қандай шешім жолдары бар?

Ең маңызды шешім жолы – қарсыласу. Палестиналық топтар 2018 жылдың  наурыз айынан осы күнге дейін "Оралу құқығы" атты шеру өткізу арқылы бұл шовинистік жобамен келіспейтінін, оған қарсы тұрып, күресетінін мәлімдеп келеді.  

Дональд Трамп АҚШ-та билік жүргізген үш жылдың ішінде әлемдік қауымдастық пен қоғамдық пікірге көңіл аудармайтынын, тек өзінің саясаттарын біржақты негізде ілгерілететінін дәлелдеді, бірақ "Ғасыр мәмілесі" шовинистік жобасына қарсы тұру палестиналықтардың бұл жобаны қолдамағанын, қабылдамағанын білдіреді. Мұның сионистік режим үшін де ауыр салдарлары болуы мүмкін.

Палестиналықтардың "Ғасыр мәмілесі" жобасына қарсы басқа бір таңдауы – бейбіт келісімдерден шығу. Палестиналықтар мен Израиль арасындағы ең маңызды келісім – 1993-1995 жылдар аралығындағы Осло бейбіт келісімі. Бұл келісім бойынша Иордан өзенінің батыс жағалауы А, В, С деген үш ауданға бөлінген. Тәртіп бойынша бұл аудандар "Палестинаның бейбіт тұрғындары мен қауіпсіздік күштері", "Израильдің бейбіт тұрғындары мен қауіпсіздік күштері" және "Израильдің бейбіт тұрғындары мен қауіпсіздік күштерінің" қарамағына берілген. Бұл келісім 1999 жылы аяқталуы тиіс еді, алайда қос тараптың қолдауымен қайта ұзартылды.  

Халықаралық ұйымдарға сүйену де Палестина алдындағы таңдау жолдарының бірі. АҚШ-тың Қауіпсіздік кеңесіндегі вето құқығына байланысты БҰҰ-ның бұл органына иек арту Палестина үшін іс жүзінде нәтиже бермейді, бірақ сионистік режимнің қылмыстарын тексеру үшін Халықаралық қылмыстық сотқа жүгіну және Халықаралық әділет сотына шағым түсіру мүмкіндігі бар.

 

Сараптама