Ақп 03, 2020 23:45 Asia/Almaty
  • АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қытайдың ішкі ісіне араласа сөйледі

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қытайдың ішкі ісіне араласа сөйлеп, әлемдік қауымдастықтан бұл елдің мұсылман ұйғырларға нашар қатынас көрсетіп жатқанына байланысты Бейжіңге қысым жасауды сұрады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің жексенбі күні хабарлауынша, Қазақстанға іссапармен барған АҚШ Мемлекеттік хатшысы өз елі үкіметінің әртүрлі азшылық топтар, соның ішінде америкалық қара нәсілділерге кемсітушілік қатынас көрсетіп отырғанына тоқталмастан: "Вашингтон барлық елдерді ұйғырлардың құқықтарын қорғау мақсатында Қытайға қысым жасау үшін АҚШ-қа қосылуға шақырды",-деді.

Соңғы жылдары АҚШ пен Қытай арасында әртүрлі тақырыптар, соның ішінде сауда мәселесіне қатысты текетірестері күшейген соң америкалық басшылар Қытай үкіметінің ұйғырларға қатынасы сияқты мәселелерді бұл елге қысым жасаудың сылтауы ретінде қолданып отыр.  

Тегтер

Сараптама