Ақп 07, 2020 16:47 Asia/Almaty

Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе ғарыш күштерінің қолбасшысы бейсенбі күні: «Иран қазір Global Hawk атты америкалық ұшқышсыз ұшақтың барлық кодтары мен жиіліктерін анықтап алды», деді.

Pars Today‑дің хабарлауынша, генерал‑майор Амирәли Хаджизаде 20 маусымда Хормозган облысындағы Мобарак тауы маңында Иранның әуе кеңістігін бұзғаннан кейін Сақшылар корпусының әуе‑ғарыш күштерінің «3‑ші Хордад» атты жергілікті зымыранымен атып түсірілген Global Hawk атты америкалық ұшқышсыз ұшақтан табылған жаңа бөлшектермен таныстыру рәсімінде: «Бұл ұшақ бірегей ерекшеліктерге ие. Ол өте жоғары биіктікте қалықтап, әуе жолдарына әсер етпестен, барлық бағыттарда шектеусіз ұша алады»,‑деді.

Сардар Хаджизаде, сондай‑ақ, америкалық басшылардың Иранның «Эйн‑ул‑Асад» базасына жасаған зымырандық шабуылындағы шығындарды жасыруы туралы: «Біраз өткеннен кейін ақпарат құралдарында бірнеше америкалық сарбаздың бас сүйек‑ми зақымынан қаза тапқаны жариялануы мүмкін»,‑деді.  

Сардар Хаджизаде: «Жуырда осы шабуыл туралы жаңа ақпарат жарияланады»,‑деді.

«Эйн‑ул‑Асад» америкалық базасы Ирактың батысындағы әл‑Анбар облысында орналасқан.

Сараптама