Ақп 10, 2020 18:18 Asia/Almaty

Дональд Трамп жексенбі күні Twitter-де бір бейнетаспаны қайта жариялап, мәңгіге АҚШ Президенті болып қалатынына үміт білдірді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Трамп Twitter-дегі осы бейнетаспа туралы: "Бұл фильм ешқашан ескірмейді",-деп жазды.

Ол бұдан бұрын екі рет Twitter-де аталмыш бейнетаспаны жариялаған болатын.

АҚШ Президенті Twitter-де жеке парақшасында тағы бір ескі постын қайта жариялап, онда бір сарапшының "Бұл Президент басқа барлық басшылардан артық жұмыс істеді" деген сөзін келтіріп, "Толығымен дұрыс айтылған" деп жазды.

Жалған уәждерімен танылған Трамп президенттік кезеңдегі үшінші үндеуінде ескі әдетінен жаңылмай, шындықтан қатты алшақ уәждер айтты. Оның өтірік уәждерінің арасында АҚШ экономикасын жақсарту, жұмыс орындарын ашу және мұнай өндіру бар.

Америкалық дәрігерлер осыған дейін сан рет Трамптың қауіпті психологиялық жағдайы туралы ескертті.    

Сараптама