Ақп 11, 2020 13:35 Asia/Almaty
  • Пентагон: Иранның зымырандық шабуылының салдарынан 109 америкалық әскеридің миы шайқалды

Пентагон Иранның Ейн әл-Асад базасына жасаған зымырандық шабуылда жарақат алғандардың санының артуын мойындап, 109 америкалық әскеридің миының шайқалғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Пентагон сейсенбі күні таңертең өз мәлімдемесінде миы шайқалған 109 америкалық әскеридің дәрмен алғаны және осыған дейінгі мәліметтерге қарағанда олардың санының 59 адамға артқанын жариялады. Пентагонның айтуынша, олардың ішінен 76 жазылып, қызмет етіп жатқан жерлеріне оралды. Бұл әскерилердің 75 Иракта және біреуі Германияда емделді.

Иран өз уәдесі бойынша, Бағдадта террор жасалған сардар Солеймани мен оны майдандастыры үшін кек алып, 8 қаңтарда Ирактағы АҚШ-тың Ейн әл-Асад базасына зымырандық шабуыл жасады.

 

Тегтер

Сараптама