Ақп 14, 2020 16:52 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Сенат палатасында Трамптың Иранға қатысты өкілеттігіне шектеу қою туралы қарар бекітілді

АҚШ-тың Сенат палатасы бейсенбі күні осы елдің Президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы өкілеттігіне шектеу қою туралы қарар бекітті.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың Өкілдер палатасында "Иранмен соғысу өкілеттігі" деп аталатын қарар 55 оң және 45 теріс дауыспен бекітілді.

Осы қарарға сәйкес, Дональд Трамптың Конгрестің рұқсатынсыз Иранға қарсы әскери шара қолдануға құқығы жоқ.

Дональд Трамп сәрсенбі күні бұл қарарды бекітуді Иранға қарсы әлсіздік көрсету деп атап, сенаторлардан бұл қарарды бекітуден бас тартуды сұрады.

Қарар демократ сенатор Тим Кин тарапынан ұсынылды.  

Сараптама