Ақп 16, 2020 18:10 Asia/Almaty
  • Қытайда коронавирус құрбандарының саны 1665 адамға жетті

Қытайда тағы 142 адам қайтыс болып, коронавирус құрбандарының саны 1665 адамға жетті.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қытайдың Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы жексенбі күні: "Қытайда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 142 адамға, шалдыққандардың саны 2009 адамға артты",-деп мәлімдеді.

Осылайша Қытайдың түкпір-түкпірінде  коронавирус құрбандарының саны 1665 адамға жетіп, ал шалдыққандардың саны 69 мың адамнан асты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сенбі күні Қытайдың коронавирусты ауыздықтау үшін жасап жатқан талпыныстарына алғыс айтып, осындай үдеріс жалғасатын болса, вирустың тез арада толық ауыздықталатынына үміт білдірді.   

Тегтер

Сараптама