Ақп 17, 2020 23:27 Asia/Almaty
  • Трамптың шараларынан АҚШ-та кедейлік артты

АҚШ Президенті Дональд Трамптың елде кедейлікті азайту туралы уәделеріне қарамастан, соңғы жылдары елде кедейлер саны артты. Сонымен қатар, экономикалық мәліметтер АҚШ-та әлеуметтік топтар арасындағы алшақтықтың артқанын көрсетеді. Бұл арада балалар мен түрлі түсті нәсілдер көбірек зардап шегіп отыр.

АҚШ Конгресіндегі мұсылман өкіл Ильхан Омар жексенбі күні Twitter-де америкалық балалардың нашар жағдайын сынап: "АҚШ-та  11 млн бала аштық көріп отыр",-деп мәлімдеді. Оның айтуынша, америкалық студенттердің көбі ақшасыздықтан аш қалып жүр.

АҚШ-тың қазіргі маңызды мәселелерінің бірі – кедейлік және кедейлер мен байлар арасындағы алшақтықтың артуы. Басқа сөзбен айтқанда, соңғы жылдарда әлеуметтік топтар арасындағы алшақтық бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Мұның өзі әлеуметтік теңсіздік пен кедейліктің артуына себеп болды.  Жарияланған мәліметтер бойынша, АҚШ қоғамындағы байлықтың 88 пайызы аз ғана топтың қолында. Ал 39 млн-нан астам америкалық үкіметтің азық-түлік көмегіне зәру. 2 ересек және 2 баладан тұратын 4 адамдық америкалық жанұя үшін кедейлік сызығы жылына 25750 доллар деп белгіленген.

Трамп үкіметінің қате саясаттары, соның ішінде  әл-ауқат жеңілдіктерін азайтуы, кедейлердің медициналық сақтандыруға қолжетімділігін азайтуы, ал екінші жағынан табысы мол адамдарға салынатын салықтарға өзгеріс енгізуі бай әрі ірі компанияларға көптеген қаржылай мүмкіндіктер тудырды. Бұл әлеуметтік топтар арасындағы алшақтықтың артуына себеп болды. Шын мәнінде Трамптың саясаттары салдарынан АҚШ-та байлар одан ары байып, кедейлер одан бетер кедейлене түсті. Трамптың нәсілшіл ұрандары мен қатынасы, сақтандыру сияқты әлеуметтік жеңілдіктердің азаюы жағдайды ушықтырып жіберді. Мысалы, Monmouth университетінің бұрынғы сауалнамасына сәйкес, АҚШ азаматтарының 53 пайызы елдегі табысы аз кедей жанұялардың Трамп үкіметінің саясаттарынан еш пайда көрмегенін растады. Осы тұрғыдан америкалықтардың көбісі Трамп үкіметінің қазіргі және келешектегі экономикалық шараларына қатты алаңдап отыр. Олардың ойынша, Трамп үкіметінің саясаттары кедейліктің артуына және орта деңгейлі жанұялардың өмір сүру сатысының төмендеуіне себеп болып, олардың жағдайын қиындатып жібереді.

Брукинг институтының зерттеушісі Андре Берри осы салада: "2016-2018 жылдар аралығында АҚШ-тың әртүрлі аймақтарында кедейлік артты. Мысалы, қара нәсілді және латынамерикалық жұмысшылардың 63 пайызы теңсіз жағдайда табысы аз қызметтерде жұмыс істеп жатыр",-деп жазды.

Қазір кедейлік пен әлеуметтік топтар арасындағы алшақтық мәселесі демократтар мен республикашылдар партиялары үміткерлерінің саяси пікірталастарының тақырыбына айналды. Мысалы, демократтар әлсіз топтарға мемлекеттік қолдау көрсету, әл-ауқаты жоғары топтың табысы мен байлығына салықты арттыруды талап етсе, республикашылдар көбіне салықтар мен мемлекеттік көмектерді азайтуды  көздеп отыр.

Тегтер

Сараптама