Ақп 21, 2020 19:27 Asia/Almaty
  • Иран халқының сайлауға жаппай қатысуына байланысты жаһандық реакциялар

Исламдық Иранның халқының Ислам Кеңесі Мәжілісінің 11-ші шақырылымы мен діни жетекшінің Хобреган мәжілісінің бесінші кезеңі сайлауына жаппай қатысуына әлемнің әртүрлі ақпарат құралдары реакция білдірді.

France 24 ақпарат арнасы жұма күні Иран Мәжілісінің 11 шақырылымы сайлауының басталуы туралы хабарлап: «АҚШ-тың санкциялары мен кейбір қалаларда коронавирус жұқтырған адамдардың табылуына қарамастан сайлау өтуде»,- деп мәлімдеді. CNN веб-сайты Ирандағы сайлау жөніндегі мәлімдемесінде Иран мен АҚШ қайшылықтарына тоқталып: «Мамандардың пікірінше, доп АҚШ жерінде және Вашингтон Иранға қатысты саясатын қайта қарастыруға мәжбүр болуы мүмкін»,- деп жазды.

Reuters  ақпарат агенттігі де: «Парламенттік сайлау Вашингтонның ядролық бағдарламаға байланысты Теһранға қарсы мейілінші қысым көрсетіп отырған жағдайында өтіп, Ирандағы үкіметтің нығаюына себеп болу ықтималы бар»,- деп жариялады.

Al Jazeera телеарнасы да сайлау басталсымен Иран халқының дауыс беруге қатысуын жақсы бағалады. Ислам революциясы жетекшісі дауыс беруге келген уақытпен тұспа-тұс Associated Press ақпарат агенттігі видео бөлімінде бұл кісің дауыс беруі мен одан кейін сөзйлеген сөзін толық таратты.

 Францияның халықаралық радиосы RFI: «Ислам революциясы жетекшісі дауыс берген соң халықтың сайлауға жаппай қатысуын бастағанан қуаттады. Al Arabi телеарнасының журналисті Хазам Клас тікелей эфирінде: «Бүгін таңертең Теһранның әртүрлі аймақтарын аралап, дауыс беру учаскелердің есіктері ашылудан бұрын бірақатар адамдардың сайлауға қатысу үшін жиналғанын көрдім»,- деді.   

Тегтер

Сараптама