Ақп 23, 2020 22:48 Asia/Almaty
  • Рухани Еуропаның АҚШ шараларына қарсы тұру қажеттігін айтты

ИИР Президенті Аустрияның Сыртқы істер министрімен кездесуінде: "Еуроодақтан АҚШ-тың заңсыз шараларына қарсы тұру күтіледі",-деді.

Хасан Рухани жексенбі күні Аустрияның Сыртқы істер министрімен кездесуінде екі елдің экономикалық салаларда әріптестік жасауына жақсы әлеуеттер барына тоқталып, Аустрияның әріптестікті дамытуда америкалықтардың заңсыз әрі қате қысымдарына көңіл аудармайтынына  үміт білдірді.  

Рухани АҚШ-тың Иран халқына қарсы экономикалық санкциялармен қоса, азық-түлік пен дәрі-дәрмектерге санкция салғанына тоқталып: "Мұндай санкциялар – лаңкестік әрекет. Еуроодақ осы салада өзінің адами міндетін орындауы керек",-деді.

Рухани ИИР-ның "Ормуз бейбітшілігі" жобасын аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздік орнату мақсатында ұсынғанын және оның қолдауға ие болғанын айтып: "Батыс Азияның барлық қиындықтары – АҚШ-тың әртүрлі мәселелерге заңсыз әрі қате араласуының салдары",-деді.

Аустрияның Сыртқы істер министрі Александр Шаленберг осы кездесуде Иранмен барлық салаларда сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытып, тереңдету үшін талпыныс жасау қажеттігін қуаттады.   

Сараптама