Ақп 24, 2020 15:06 Asia/Almaty

Иранның балуандар командасы 8 медаль алып, ересектер арасында еркін күрестен өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Еркін күрестен ересектер арасындағы 33-ші Азия чемпионаты 22-23 ақпанда Үндістанның астанасы Нью-Делиде өтті. Жарыс соңында Иран командасы 2 алтын, 2 күміс және 4 қола жүлдемен жалпы 168 ұпай жинап, Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Ираннан кейін Үндістан мен Қазақстан командалары тәртіп бойынша 159 және 146 ұпай жинап, екінші және үшінші орындарға табан тіреді.

 

Тегтер

Сараптама