Ақп 25, 2020 18:39 Asia/Almaty
  • Голливудтың танымал продюсері әріптестеріне қарсы жыныстық шабуыл жасағаны үшін қамауға алынды

Голливудтың танымал продюсері Нью-Йорк сотында әріптестеріне қарсы жыныстық шабуыл жасағаны үшін айыпталып, қамауға алынды.

Reuters-тің мәліметінше, сот 67 жастағы Харви Вайнштейн 2006 жылы  бұрынғы көмекшісі Мими Холлға және 2013 жылы Голливуд актрисасы Джессика Маннға сексуалдық шабуыл жасағаны үшін айыпталды. Бұл америкалық продюсер бірінші жағдайда 25 жылға және екінші жағдайда 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Вайнштейн соттқа Уокермен келіп, одан кейін кеудедегі дертіне байланысты Нью-Йорктегі Рикерс Айленд түрмесінің дәрігерлік бөліміне жіберді. 80-нен астам әйел, оның ішінде Голливудтың Анджелина Джоли сынды танымал актрисасы Вайнштейнді өткен жылдардағы жыныстық шабуылдары үшін айыптады.  Вайнштейннің үкімі бойынша сот тыңдауы 11 наурызда өтеді.

 

Сараптама