Ақп 25, 2020 20:46 Asia/Almaty
  • Дәрі-дәрмекке санкция салушы мемлекеттер Адам құқығы кеңестің құрамына кіре алмайды

Иран Жоғары соты Адам құқығы штабының бас хатшысы Әли Бақери Кани БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңестің 43-ші сессиясында дәрі-дәрмекке санкция енгізуші мемлекететрдің Адам құқықтары жөніндегі кеңеске мүше болып кіре алмайтындарын мәлімдеді.

Иран Жоғары соты  Адам құқығы штабының бас хатшысы АҚШ-тың Ираға қарсы біржақты әрекеттері мен адам құқығын үнемі бұзуын еске салып: «Бұл әрекеттер бір халықты жазалау ғана емес, адам құқығын бұзудың заманауи тәсілі»,- деді. Әли Бақери Кани сондай-ақ Женева отырысының аясында Швейцария Сыртқы істер министрі  Игназио Кассиспен кездесуінде науқастарға медициналық мүмкіндіктер ұсыну қажеттілігін қуаттап: «Қажет дәрі-дәрмекке қолжетімділік баршаның құқығы және тіпті соғыс жағдайында оның алдын алу жазасыз қалмауы керек»,- деп қосты. Иран Жоғары соты  Адам құқығы штабының бас хатшысы «көбелек ауруына» шалдыққан балаардың суреттерін швейцариялық тарапқа көрсетіп, кейбір мемлекететрдің адамзатқа қарсы саясаттарын сынап: «Дәрі-дәрмекке санкция салушылар адамзат құқығын бұзушылар ғана емес, олар адамзатты өлтірушілер»,- деп сөзін жалғады. Азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді қарапайым адамдарға қарсы қару ретінде қолданудың тек бір ғана атау бар және бұл адамзатқа қарсы қылмыс. Шын мәнінде, адам құқықтары мен демократияның ең үлкен жаулары - оны ұлттар мен заңды үкіметтеріне қарсы өздерінің сыртқы саясатының құралы ретінде пайдаланатындар, ал АҚШ бұл тұрғыда айқын мысал болып табылады.

Университет ұстазы Реза Фарахманд адам құқығы негідеріне тоқталып: «АҚШ санкциялары азаматтардың негізгі құқықтарына қол жеткізуін қиындатты. Иран азаматтарының құқықтарын жүзеге асыру жолында кедергілер жасау - бұл қоғамдағы жеке адамдардың өмірінің әртүрлі аспектілерін қамтитын адам құқықтарының негізгі қағидаларын бұзу»,- деді. ИИР осыған қатысты кез келген жағдайда фактілерді келтіруге барлық мүмкіндікті пайдаланып, АҚШ-тың адамгершілікке жатпайтын әрекеттерінің салдары туралы ескертті. Иран Жоғары соты  Адам құқығы штабының бас хатшысы Женева отырысында: «Өкінішке орай адам құқығы белгілі бір халықаралық ойыншылардың саясаттарының құрбаны болып, халықаралық адам құқығы заңдарын ұлттық және халықаралық деңгейдегі заңдарын іске асыру әлсіреді»,- деді.Осы кезде әлем коронавирус деп аталған құблыспен бетпе-бет келіп отырған жағдайда, Иранда да бұл ауруға шалдыққан бірнеше адам тіркелді. Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері басқа агенттіктермен келісе отырып, АҚШ-тың санкцияларына қарамастан, аймақта вирустың таралуын болдырмауға  күш-жігерлерін салып, проблемаларды шешеді.    

Иранның денсаулық сақтау және медицина саласындағы әлемдік деңгейдегі білімі мен мүмкіндіктері болғанымен, бұл АҚШ-тың адамгершілікке жатпайтын әрекеттері туралы үнсіз қалуы керек дегенді білдірмейді. Иранның денсаулық сақтау және медицина саласындағы әлемдік деңгейдегі білімі мен мүмкіндіктері болғанымен, бұл АҚШ-тың адамгершілікке жатпайтын әрекеттеріне үнсіз қалуы керек дегенді білдірмейді.

 

Сараптама