Ақп 27, 2020 17:26 Asia/Almaty
  • Джозеф Боррель «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын орындау барысында АҚШ-тың Иранға қарсы бүлдіргі әрекеттер жасағанын мойындады

Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы АҚШ санкцияларының Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы мүдделеріне қол жеткізуіне кедергі болғанын мойындады.

Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Еуроодақтың сыртқы саяст жөніндегі басшысы Джозеф Боррель сәрсенбі күні бір мәлімдемесінде: «Вена отырысына қатысушылар АҚШ-тың санкцияларды қайта салуының Иранға ядролық келісімдегі артықшылықтарды толық пайдалануға мұрсат бермейтінін мойындады»,-деді.

Боррель: «Қатысушылардың барлығы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтаудың маңыздылығын қуаттады»,-деді.  

2018 жылы АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, Иранға қарсы санкцияларды қайта салғанынан шамамен бір жыл өткен соң және осы аралықта ядролық келісімге мүше елдердің өз міндеттемелерін орындамай, еуропалықтардың өз уәделерінде тұрмағанынан кейін Иран осы келісімде белгіленген құқықтар мен міндеттерде тепе-теңдік  орнату үшін ондағы өз міндеттемелерін азайтуға шешім қабылдады.

ИИР «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы серіктестеріне екі айлық мұрсат бере отырып, 5 қадам барысында осы келісімдегі өзінің техникалық міндеттемелерін азайтты.   

Тегтер

Сараптама