Ақп 27, 2020 18:07 Asia/Almaty
  • АҚШ-та коронавирус таралды

АҚШ Президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні кешке бұл елде коронавирус таралғаны туралы мәлімет жарияланғаннан кейін ақпарат құралдарын үрей тудырды деп айыптады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-та коронавирусқа шалдыққандардың саны 60-қа жеткен соң Трамп Аурулардың алдын алу және бақылау орталығы басшыларымен коронавирустың таралуын талқылау үшін баспасөз конференциясын өткізіп, ақпарат құралдарын қаржы нарығында үрей тудырды деп айыптады.  

АҚШ-тағы аурулардың алдын алу және бақылау орталығы сәрсенбі күні «Diamond Princess» лайнерінен шыққан азаматтар арасында тағы 6 адамның коронавирусқа шалдыққаны анықталғанын растап, АҚШ-та бұл вирусты жұқтырғандардың саны 60-қа жеткенін айтты.

Бұл орталық АҚШ-та вирус жұқтырған адамдардың 45-сі Қытайдың Ухань қаласынан АҚШ-қа келген лайнердің жолаушылары екенін растады.

Сараптама